Президент «Сарыарқа» газ құрылысының салынуына рұқсат берді — новости Казахстана

0

Мемлекет басшысы бүгін Астанада өткен «Индустриландырудың екінші бес жылдығы: Қазақстанда жасалған» атты телекөпірде Астанаға газ тартудың алғашқы кезеңін іске қосты деп жазады NUR.KZ.

Президент «Сарыарқа» газ құрылысының салынуына рұқсат берді

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото архив: Ақорда

Айта кетерлігі, құбыр ұзындығы 1061 шақырымды құрап отыр.

«Сарыарқа» газ құбыры «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» бағыты бойынша жүреді.

Осы жобаны жүзеге асыру арқылы 2 млн 700 мың қазақстандықты газбен қамтамасыз етеміз.

Президент мырза, «Сарыарқа» жобасының алғашқы кезеңін іске қосу үшін арнайы капсуланы орнатуға рұқсат беріңіз», — деді «АстанаГаз ҚМГ» басшысы Сағидолла Мақашев.

Еске сала кетейік, аталған жоба президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі ретінде жүзеге асырылуда.

Аталған бағыт бойынша газ құбырын тарту жұмысы 2019 жылдың соңында аяқталады деп күтіліп отыр.