«Басы бір бөлек жатты»: куәгер 5 жасар баланың денесін қалай тапқанын айтты

0

Алматы облысының Сарқан ауданында бес жастағы қыз баланың денесін қоқыстан тапқан куәгер оқиғаның қалай болғанын айтты деп хабарлады kznews.kz сайты.

Бас киім киген кішкентай баланың басы қоқыста жатқанын сарқандық тұрғын Мәди Мұхаметқалиевтің балалары көріпті. Әкесі балаларынан сұмдық жайтты естіп, дереу оқиға орнына барған. Полицияны шақыртқан.

«Осыдан екі күн бұрын, яғни 17 мамыр күні түскі сағат 11:00 шамасында үйде демалып жатқанмын. Ұлым келіп “Әке, әке! Ана жерде нәрестенің сүйегі жатыр. Көріңізші, көріңізші” дейді. Келсем, тура осы қоқыстың жанында баланың бас сүйегі жатыр. Еті ағып кеткен. Денесі төменде жатыр екен. Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты», – деді Мәди Мұхаметқалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Мәди Мұхаметқалиев оқиғаның өткеніне екі күн болса да әлі өз-өзіне келе алмай жүргенін айтады.

«Жануар да өз баласын қорғайды, мынау енді сұмдық қой. Баланың өлі денесі қоқыста жатыр. Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін. Өзім де бала өсіріп отырмын. Бала киімімен жатты», – деді Мәди Мұхаметқалиев.