Қайрат Сатыбалды өзімен бірге 1,5 млрд АҚШ долларын алып кетпек болған – БАҚ

0

Abzhan news телеграм-арнасы Қайрат Сатыбалдының Дубайға ұшпақ болған кезінде 1,5 млрд АҚШ долларын өзімен ала кеткісі келгенін жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы анонимді дереккөзге сілтеме жасай отырып.

Ulysmedia.kz порталының тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентітігіне осы сыбысты растауын немесе жоққа шығаруын сұраған. Алайда агенттік Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сүйеніп, тергеумен байланысты материалдар жарияланбайтынын хабарлады.

«Жариялануы тиіс ақпараттың бәрін біз тараттық. Қалған ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жарияланбайды», — деді агенттіктен.

Еске сала кетсек Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Қайрат Сатыбалды осы жылдың 13 наурызында Алматы әуежайының аумағында ұсталған еді. Тергеу нұсқасы оның өз лауазымын асыра пайдаланғанын алға тартады.

51 жастағы Қайрат Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы. 2018 жылы қазақстандық Forbes оны елдегі ең белді 50 байдың қатарына кіргізген еді.