Айгүл Орынбек өз келінін қорғай алмаған Әйелдер мәселелері жөніндегі кеңестің төрайымын сынады

0

Бұл туралы kznews.kz сайты Caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Көрдіңіздер ғой, Президентіміздің өзі ең бірінші өз отбасының мүшелерін мемлекеттік басшылық орыннан алды! Бұл қадамды бәріміз, иә әрқайсысымыз «ең алдымен — өздеріңді тәрбиелеңдер, бірінші өз отбасыларыңан бастаңдар» деген сөз деп ұғынуымыз керек!

Елге қызмет жасайтын адам — бірінші өз отбасын тәрбиелеп алғаны дұрыс!
Партия жанындағы отбасы әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Гүлайым ханымның өзінің отбасында мынандай озбырлық болып жатқаны — әрине өте ұят!

«Баланың мінезін тумайсың»,- деп тіпті біреулер ақтап алып жатыр екен!
Ия ақтаңыздар, көпшік қойыңыздар, бірақ адам емес, қатігез жауыздың іс-әрекетін көзбен көріп отырып, мен еш ақтай алмайды екенмін!

Әйелін «допша» теуіп, рингтің бұрышына тақағандай төмпештеу — бұл енді ақтауға келмейді!

«Қазақтың қаракөз қыздары негрге, арабқа, түрікке тимесін, ойбай»,- дейсіңдер,«бұлай аяқ асты тебіліп, мал болып жатқанша — өзге ұлттың сүйіктісі болып жатқанымыз қайда дұрыс, Айгүл тәте»,- деген сіңлідерім де болды!

Ал оларға не деп ақыл айтасың осыдан кейін?! Елде әйел құқығының қорғалмай жатқан себебі, Кеңеске әйелдердің құқығын шынында да қорғап жүргендер мүше емес, өңкей мемлекеттің ақшасын алып, қызыл-жасыл «кітапшалар» жасап, бір-екі жылаған әйелдің басын сипап, «отчет» үшін суретке түсіп жүргендер жүрген соң, нәтижесі — осылай болып жатыр!

Тек қана «отчет» пен бөлінген ақшаны игеру үшін жұмыс істейтін ханымдар — әйелдер кеңесінде мүше бола берсе, әйелдер арасындағы зорлық-зомбылық үдемесе, тоқтамайды!

Оған мысал — кешегі мына оқиға! Өз отбасындағы бір келіннің құқығын қорғай алмай отырып,«өзге әйелдердің құқығын қорғап, көмектесудемін» деп көзбояушылықты көпшілікке көрсетуі!

Ал мынау әйелін теуіп жатқан батырдың суреті екен!
Әйел ұратын батырларымызды осылай танып жүрейік!

Суреттер интернеттен алынды!», — деп жазба жариялады.