Жамбыл облысында ер адам 3-сынып оқитын екі баланы зорлады деген күдікке ілінді

0

Жамбыл облысы Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 3-сынып оқитын тоғыз жастағы екі оқушыны зорлап келген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна дерегіне сүйенсек, 43 жастағы жергілікті тұрғын баласы мен оның досының жыныстық сипатта зорлыққа ұшырағанын айтып полицияға шағым түсірген. Арызда екі балаға ауылдағы қараусыз тұрған ғимараттардың бірінде қиянат жасалғаны айтылған. Ел арасында күдіктінің ауыл имамының көмекшісі екені айтылуда. Бірақ облыстың бас имамы бұл деректі теріске шығарып, қол астында ондай қызметкердің мүлдем болмағанын мәлімдеген. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынған. Аталған жайтқа қатысты Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова пікір білдірді. «Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 12-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданды. Барлық сараптама тағайындалды»,- деді ол. Дереккөз: КТК телеарнасы