Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ісі қайта қаралады

0

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында Е.А. Біртановқа, О.А. Әбішевке қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 11 мамырға сағат 10.00-ге белгіленді», деді соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Еске салайық, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары іс бойынша бапты қайта саралаған.
Бұған дейін, желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жарияланды. Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев елдегі заңсыздықтар мен тергеу изоляторындағы азаптаулар туралы ашық айтқан болатын.