Фариза Төреәлі: Екі жылдай бір дерт мазалайды. Медицинаның еш көмегі жоқ

0

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төрәлі өзін 2 жылдай бір аурудың мазалайтынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мені 2 жылдай бір дерт мазалайды. Оны ашып айтпауымның себептері көп. Бірі сенер, түсінер, ал енді бірі есінен адасқан дер. Бір айтарым медицинаның еш көмегі жоқ» — деді ол.

Жағдайы жолдасы Дархан жұмыс бабымен елге барғанда нашарлаған. Дерті күшейіп, ауыра бастаған. Бармаған, тексерілмеген жері де болмаған. Фариза сырттай бүтін көрінгенімен, іштей осы жағдайлармен күресіп, оны сынақ емес, сабақ деп қабылдапты.

«Аузымды ашып, демалуға еш күшім болмады.Тынысым тарылды. Бәрі қазір түс секілді және осының бәрі менімен болғанына сене алмаймын. Жағдайым күннен-күнге нашарлады, АҚШ-қа қайтатын уақыт жақындады. Ата-анам оған рұқсат бермеді. Солай Алматыға кеттік» — деді Фариза Төреәлі.

(фото Фариза Төреәлінің инстаграмм парақшасынан алынды)