Egov. press сайтында орыс тілінің мәртебесі қазақ тілімен тең дәрежеде болуын талап ететін петиция жарияланды

0

Egov. press сайтында орыс тілінің мәртебесі қазақ тілімен тең дәрежеде болуын талап еткен Алекса Княжневаның петициясы жарияланды. Автор петицияда:

«Петиция!  Біз Қазақстан Конституциясындағы орыс тілінің мәртебесін қазақ тілімен бір деңгейде ұстауды талап етеміз!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады деп көрсетілген.

Қазақстандағы орыс тілі бұрынғысынша айтарлықтай берік орын алады, ол Конституцияға сәйкес ресми тіл және республикада тұратын көптеген ұлт өкілдері үшін бірінші және екінші ана тілдері, ұлтаралық қатынас тілі болып табылады.  Орыс тілі республика өмірінде маңызды рөл атқарып келеді» деген ой айтылған.

Петицияға 55494 адам дауыс берген, оның ішінде 8247 азамат бұл пікірді қолдап, 42447 адам қарсы шыққан.