Митингіге шыққаннан ештеңе өзгермейді – Мақсат Толықбай

0

Танымал журналист, Amanat партиясы саяси бюросының мүшесі Мақсат Толықбай «Hard talk» арнасына берген сұхбатында митингіге байланысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Көшеге шыққаннан не өзгереді? Мәселені шешудің басқа жолын іздеуіміз керек. Көшеге шығу – ең оңай жол. Бастадың да соңына дейін бар. Бірдеңені өзгертуге тырыс.

Митингіге шыққаннан ештеңе өзгермейді. Дәл сол сәтте не өзгерер еді?! Ол – романтика ғой», — дейді журналист.