ҰОС-ның үш ардагеріне «Халық қаһарманы» атағы берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құжатта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылатыны айтылған. Оның ішінде:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) — 8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені;
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) — 126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі;
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) — 100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.