Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтетін 16 команданың он бесі анықталды

0
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен тағы үш команда анықталды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Топтық кезеңдегі соңғы — алтыншы турдың бірінші күіннің қорытындысы бойынша франциялық ПСЖ және англиялық «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» 1/8 финалға жолдама алды. 

А тобында 13 ұпаймен бірінші орында дортмундтық «Боруссия» — германиялық клуб ұпай есебімен испаниялық «Атлетикодан» асып түсті. Алты ұпай жинаған бельгиялық «Брюгге» Еуропа лигасының 1/16 финалына өтті, ал «Монако» жалғыз ұпаймен соңғы болды.

B тобында «Барселона» 14 ұпаймен мерзімінен бұрын жолдама иеленді. Оның артынан плей-оффқа «Тоттенхэм» өтті, ол гол саны бойынша итальянлық «Интерден» басым. Ал голландиялық ПСВ екі ұпай жинап, еурокубоктардағы ойынын аяқтады.

С тобында көшбасшы ПСЖ (11 ұпай). «Ливерпуль» мен «Наполиде» тоғыз ұпайдан.  Алайда гол саны бойынша басым англиялық клуб плей-оффқа өтті, ал итальялық клуб Еуропа лигасына жолдама алды. Бұл топта төрт ұпай жинаған сербиялық «Црвена Звезда» соңғы болды.

Сонымен бірге, бесінші турда плей-оффқа D тобынан «Порту» мен «Шальке» жолдама алған: португалиялықтар 16 ұпаймен бірінші, немістер 11 ұпаймен екінші. Үшінші түркиялық «Галатасарай» (4),  ал мәскеулік «Локомотив» соңғы (3).

Осылайша, қазіргі таңда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына «Боруссия», «Атлетико», «Барселона», «Тоттенхэм», ПСЖ, «Ливерпуль», «Порту», «Шальке», «Бавария» (Германия), «Аякс» (Голландия), «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» (екеуі де Англия), «Реал» (Испания) және италиялық «Рома» мен «Ювентус» өтті.

Жетоқсанының 12-нен 13-не қараған түні плей-оффқа өтетін соңғы команда анықталады. F тобындағы донецк «Шахтеры» мен «Лион» Киевте ойнайды. Қазір франциялық клубта жеті ұпай, ал украиналықта — бес.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/