Қара жұмыс істегеніме намыстанбаймын — Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова жұбайы Жанболат Ербатыровпен отбасын құрған алғашқы жылдары базарда сауда-саттықпен айналысқан. Әншілер жұбы жеміс пен көкөніс сатып, күн көрген. Тек араға біраз жылдар салып өнер әлеміне келген, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жұлдызды жұптың тыңдармандары мұны жақсы біледі. Қарапайым халыққа жақын болғаны үшін де көпшілік Жанболат пен Жазира жұбын ұнатады, үлгі тұтады. Алайда жағымсыз пікір айтып, көңілге қаяу түсіретіндер де жоқ емес. Мәселен, Instagram оқырмандарының бірі әншіге «қайдан шыққанын ұмытпауға» кеңес берген.
«Кезінде жеміс-жидек сатып, базарда өзімнен үлкен қап көтергеніме намыстанбаймын. Ең бастысы, ешкімге қол жаймай, маңдай термен таптық.
Тұрмысқа шығып, жас отбасы болған кездерімдегі қара жұмыс істегенімді бетіме басып, намысыма тиемін деп ойлайды кейбіреулер», – деп бөлісті Байырбекова.
(фото ашық ақпарат көздерінен)