Танымал әнші Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырған әртістерді сынға алды
Танымал әнші Мақсат Базарбаев ауызашарды тойға айналдырып, рия жасап жүрген әртістерді сынға алды, деп жазады kznews.kz сайты.
«Отыз күндік оразада құлшылық жасаудың орнына, жарыса ауызашар жасап, арты той болып кетті. Ысырап жасап кеткен жоқпыз ба? Ол жерге ауыз бекіткені бар, бекітпегені бар, бәрі келеді. Сосын атақ-абыройы, мансабы бар, соларды шақырып, оны жариялап, елге көрсетіп, рия жасап кеткен жоқпыз ба?
Бір ай тақуа болып көрінбей-ақ қояйықшы, өтініш. Шынайы адам олай жасамайды. Қаншама бауырларымыз тамақтарын таба алмай, сәресіге ішетін ас таппай отыр. Айтқым келгені, екіжүзділіктен аулақ болайық, ақыретімізді ойлайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ИншаАлла. Көз сүзіп отқан дұшпанның ойы аспасын. Қазақстаным әлі-ақ бай болады бұйыртса», — деп жазды ол Instagram-да.