«NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?»
Қазір оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз, саяси және азаматтық белсенділігі төмен жастар көбейіп бара жатыр. Әлемдік ғылым мен мемлекеттік басқару саласында NEET деген ұғымның қолданыла бастағанына біршама жыл болды. Біздің елде де осы топтағы жастардың саны алаңдатқандықтан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна»ҰЭБ» қоғамдық қоры «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері бойынша «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында талқылау алаңын өткізді.
Талқылау алаңына “Жастар саясаты мәселелері” басқармасы, “Жұмыспнн қамту орталығы”, “Жастар” ғылыми зерттеу орталығынан сарапшылар қатысты.
NEET ұғымы жастардың еңбектен, білімнен, әлеуметтік белсенділіктен өз еркімен немесе түрлі себептермен бас тартуын білдіреді. Көп жағдайда мұндай мінез-құлық жастардың қоғамнан алшақтауына әкеліп соқтырады. Жастарға арналған бағдарламалар бар және сол арқылы біраз жетістікке жетуге болады дейді “Жастар саясаты мәлелелері” басқармасының басшысы Қайрат Тельманұлы.
“Бірінші жұмыс орны”,, “Жастар практикасы” және “Ұрпақтар келісімшарты” деген үш бағдарлама бар. Осы үш бағдарламамен жарты жыл немесе бір жыл жұмыс істеп тәжірибе жинап, содан кейін сол ортаға жұмысқа кіріп кетуге болады.”-, дейді Қайрат Тельманұлы.
2022 жылға арналған жоспарға сай үш бағдарлама бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
“Жұмыспен қамту орталығының” биылғы жоспары “Жастар практикасы” бойынша 998 адам, “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы бойынша 179 адам, “Ұрпақтар келісімшарты” бойынша 31 жасты жұмысқа тарту қолға алынып отыр” ,- дейді “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Қабдырашидқызы.
Сондай-ақ жастарға бизнесті дамытып, оқуға және спортпен шұғылдануға қолдау көрсету мақсатында “Елорда жастары” бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Себебі, елорда жастарын алаңдатып отырған өзекті мәселе – қолжетімді тұрғын үй. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын 10 мың пәтер салу жоспарлануда.
“Елорда жастары” деген бағдарламаға келсек, мәселе ақшаға келіп тіреледі. Қазіргі жоспар 200 адам. Сол 200 адамға 10% жарнамен несие береміз. Жастарға мүмкіндік жасалып жатыр. Тек талпыныс керек.” -, дейді Қайрат Тельманұлы.