Блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады — Е.Қошанов

0

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қарсы жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Онда алаяқтық схемаларды жарнамалаған вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Қаржы пирамидалары бүгінде үлкен проблема, әсіресе өңірлерде. Себебі адамдар сенеді, оны танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалайды. Жұрт соңғы ақшасын апарып салады, сосын нәтижесін көріп отырмыз. Сондықтан біз депутат Юрий Лидің жетекшілігімен заң жобасын әзірледік. Бүгінде топ жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық екенін біле тұра, қаржы пирамидасын жарнамалайтын вайнер, әртістер әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеп жатырмыз», – деді Мәжіліс төрағасы.

(фото ашық ақпарат көздерінен)