Балқашта вагон жөндеушінің екі аяғын пойыз басып кетті
Балқашта вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды. Рельсте жүрген жұмысшы қауіпсіз жерге қашып үлгермеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат 23.45-те машинист Балқаш станциясының 4-рельсінде жүрген адамды көріп, тежеуішті шұғыл басқанымен пойызды тоқтатып үлгермеген.
«Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Пойыз басып кетуінің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», — дейді Балқаш стансасы желілік полиция бөлімінің бастығы Темірлан Машрапов.