Мәсімов және оның командасына қылмыстық жаза тағайындалды
Мәсімов, Садықұлов және Ерғожинге ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айып тағылып отыр.
ҚР ҰҚК Orda.kz сайтының сауалына берген жауабында ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ҚР Қылмыстық кодексінің қандай баптары бойынша іс қозғалғанын түсіндірді.
ҰҚК тергеу-жедел тобы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты мынадай баптар бойынша қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтты.
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық – қарулы қақтығыс кезінде жау тарапына өту, тыңшылық.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-бөлігі – Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға үгіттеу немесе жария түрде шақыру.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы – Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі – Аса ірі мөлшерде пара алу.
Бұл ретте Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамау мерзімі 6 мамырға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 8 мамырға дейін ұзартылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.