Данияр Әшімбаев: Қазақстанда әкімдерді тағайындау лоторея сияқты

0

     «Өңір басшыларын тағайындау немесе сайлау мәселесі ондаған жылдар бойы даулы болып келді. Елорда ауыл, аудан және қала әкімдерін сайлауға келісе отырып, облыстар мен ірі қалалардың әкімдерін орталықтың ұсынуы керектігін алға тартып отыр. Бұл тәуекелге бару мен адалдықты талап етеді». Белгілі саясаттанушы, «Кто есть кто в Казахстане» өмірбаяндық энциклопедиясының бас редакторы Данияр Әшімбаев Ia-centr.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан облыстарының басшыларының адалдығы мен тиімділігі арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керектігі туралы айтты.

— Қазақстандағы соңғы кадрлық ауыс-түйіс болашақта «ескі элита» өкілдерін алмастыруға қабілетті жас кадрларды даярлау мәселесін өзекті етіп отыр. Соңғы бес-жеті жылдағы осы вектордағы жастармен жұмысты қалай бағалайсыз?

– Қазақстанда жас кадрларды даярлау көп жылдар бойы жүргізіліп келеді, 90-жылдардың басынан бері: жас қаржыгерлер, заңгерлер, экономистер т.б. даярланып, мемлекеттік қызметке шақырылуда. Қазақстанда кадрлық резерв бар, ол үнемі жаңартылып отыр. Әйтсе де, журналистер мен саясаттанушылардың көпшілігінің «көздерін бұлдырататыны» шындық. Барлығы бірдей фамилияға үйренген, сондықтан мемлекеттік қызметшілер арасында жаңару жоқ сияқты әсер қалдырады. Менің есептеуім бойынша, соңғы 10 жылда Қазақстандағы элитаның орташа жасы 50 жасты құрайды. Бұл министрлер, әкімдер және басқа да ірі мемлекеттік мекемелердің басшылары.  Бұл көрсеткіш кадрлардың үнемі жаңартылып отыруын көрсетеді.

«Ескі гвардия» біртіндеп кетіп жатыр, олардың орнын жастар басып жатыр. Үкіметтің қазіргі құрамында, мәселен, осыдан 15 жыл бұрын біраз жоғары лауазымдарды атқарған адамдар жоқ. Қазақстан басшылығы Президенттік жастар кадрлық резерві бағдарламасын осыдан 10 жылдай бұрын қолға алған болатын. Біраз уақыттан кейін дарынды жас түлектер еліміздің мемлекеттік органдарында дербес қызметке орналасады деп күтілуде. Енді олар биліктің екінші және үшінші эшелонында әлек.

— Кез келген реформалар мен кадрлық өзгерістер жүйенің белгілі бір қауіпсіздік шегін көрсетуі керек. Қазақстандағы өткен қаңтардағы дағдарыстың аясында ол әлі де сақталып жатыр ма?

– Әкімдік корпус туралы айтатын болсаңыз, облысқа жаңадан келген әрбір басшының еңбек өтілімен таныссаңыз жеткілікті. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тағайындалғанға дейін аудан басшысы және аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қызылорда облысының басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бұған дейін облыс орталығының әкімі болған. Атырау облысының жаңа әкімі Серік Шәпкенов министр және екі облыс әкімінің орынбасарлары болды. Әркімнің өз тәжірибесі бар.

– Соңғы кездегі облыс басшыларының тағайындауларында сізді бір нәрсе таң қалдырды ма?

— Жоқ. Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстары әкімдерінің қызметінен кетуі көптен күтілген еді. Жамбыл облысының бұрынғы басшысы зейнет жасына жетіп, әкімдік корпусының ардагері болғанымен, бұл қызметте белгілі бір дәрежеде қажыған. Қызылорда облысында әкімнің жұмысына қатысты арыз-шағымдардың көптеп түсуі өзіне жүктелген міндетті орындай алмағандықтан орын алған. Атырау облысында да осындай жағдай орын алды – бұрынғы әкімнің орынбасарлары тергеуге алынды. Сондықтан жоғарыда аталған әкімдердің отставкаға кетуі көптен күтіліп, кейінге қалдыруға лайықты кадрларды іздеу себеп болды. Кадрлық өзгерістерде тосынсый болған жоқ.

Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.