«Қайраттың отбасын бұзбаңыз». Ерке Есмахан өзіне қатысты қауесетке жауап берді
Әнші Ерке Есмахан желіде Қайрат Нұртастың отбасын бұзды деген сынға ілікті. Өнер иесі өзіне қатысты бұл қауесетке бірден жауап беріп, қызу талқыланып кеткен тақырыпқа нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерке Есмахан көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға Instagram желісінде жауап берген. Ол Қайрат Нұртастың отбасында болып жатқан жағдайларға ешқандай қатысы жоқ екенін кесіп айтты. «Айналайындар-ау, Қайрат пен Жұлдыздың отбасында шаруам жоқ. Екеуі бақытты болсын. Бала-шағасының қызығын көрсін. Жұлдыздың туған күні құтты болсын. Ал болып жатқан сынақтарына менің еш қатысым жоқ екеніне бір Алла куә. Куә Нұртас әулеті, куә Қайрат пен Жұлдыз. Ал кейбір өсек қуғандар маған лас, пасық ойларыңызды қыстырмаңыздар. Не десеңіздер де мен одан жаман болып кетпеймін. Сіздердің әр айтылған сөздеріңіз сіздерге айналып келеді. Бірақ мен барлықтарыңызды кешірдім, жақсы көремін. Алла сабыр мен сана берсін. Біліп жүріңіздер Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауырмыз. Гүлзира әпкеммен құрбымыз. Ал қуаныштарынан қалмай суретке түссем өз қалауым, сыйластығым. Адам күні адаммен деген сөзді ұмытпайық. Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді маған», — деп жазды ол.