«Оқтау жұтқандай»: Айдарбековтердің жаңа келіні үй тірлігін жасап, сынға қалды (ВИДЕО)

0

Бірер күн бұрын шаңырақ көтерген Қайрат Нұртастың інісі әйелінің тойдан кейінгі түрін көрсетті. Ол жариялаған бейнежазбада жаңадан түскен келіннің өз қызметіне кірісіп кеткенін көруге болады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Paryz.kz. порталына сілтеме жасап.

Заңғар Нұртас Instagram парақшасында қалыңдығының ұзатуындағы видеоны бөлісіп, қалың көпшілік алдында оны ең бақытты етуге сөз берді.

«Анамнан кейін ең бақытты әйел қыламын ИншаАллах», — деп жазды ол. Желі қолданушылары оған тәнті болып, өзінің жылы лебіздерін білдірген. «Қалыңдығына қалай қарап тұр. Нағыз махаббат деп осыны айт», «Не деген керемет сөздер. Ана әрдайым бірінші орында тұру керек», «Жарайсың, бақытты бол», «Гүлзира ханым қандай керемет ұл тәрбиелеген. Анасын ұмытпай, бірінші орынға қойып тұр», — деп жазды көпшілік.

Сонымен қатар, жас әнші әйелінің тойдан кейінгі түрін көрсетті. Ол жариялаған бейнежазбада жаңадан түскен келіннің өз қызметіне кірісіп кеткенін көруге болады. Бойжеткен жаңа үйін жинап, келіндік міндеттерін атқарып жүр.

«Келмей жатып пылесос устап алып агаш сиякты», «Қақиып не істеп жүр сәл иілмей ма тірлік істегенде. Мынау тірлік жарытпайды ғой мына жүрісімен», «Молодец,уже келіндік міндетін атқарып жүр», «Турі суык қақиып жур, оқтау жұтқандай», — деп жазды желі қолданушылары.