«Адал» партиясы сценарий бойынша жұмыс істеді ме?
Ерлан Қариннің идеологиясы бойынша Дариға Назарбаева құрған «Асар» партиясының да болашағы ұзаққа бармады. Енді халықтың сенімі мен билікке ие болған уақытта «Нұр-Отан» оны да жұтып алды. Дәл сол сияқты, сайлау алдында өте белсенді жұмыс жасаған «Адал» партиясының тағдыры да айна-қатесіз алдыңғыны қайталап берді. Осы тақырып төңірегінде журналист «HARD-talk» бағдарламасының кейіпкерлеріне:
«Оның құрамында Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев сияқты азаматтарымыз бар еді. Бұл бір сценарий сияқты көрінді. Сайлау кезінде Нұр-Отан партиясының жанынан құрылған комиссияда «Адал» партиясының саяси бюросының мүшелері жүрді.
Халықтың сенімімен, көңілімен ойлау, қазақты мазақ ету деп санамайсыз ба?» — деп сұрады.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров бұл сауалға:
«Партия жұтып қойды, тартып алды деген термин дұрыс емес. Негізі саяси процесс екі нәрсеге бағынады: норма және процедура. Мен өз басым Адал партиясының неге ондай инициатива жасағанын білмеймін, бірақ олар өз еркімен өз бюросын, өз сьезін өткізді. Бұл біздің заңдарға сәйкес келеді», — деп қысқа жауап берді.
Ал Мұхтар Тайжан:
«Адал партиясы жасанды еді. Ол олигархтардың партиясы. Тіпті бір кездері жерді жекеге сатуға дайын болды», — деп пікір білдірді.
(фото: Tengrinews.kz)