«Менің отбасым бар» – Нұрлан Сабуров Украинадағы соғыс туралы айтудан бас тартты
Әзілкеш Нұрлан Сабуров Украинадағы соғысқа біржақты көзқарасын білдіруден бас тартты. Оған себеп оның «отбасы екен» екен. Бұл туралы Podyem Telegram арнасына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.
Лос-Анджелестегі қойылым кезінде көрермендер арасынан бір азамат Нұрлан Сабуровке Украинадағы соғысқа қарсылық білдіруін сұрады. Алайда Сабуров әңгімені әзілге айналдыруға тырсты. Кейін көрермен жігіт «неге тіліңді жұтып қойғандай үндемейсің? Неге соғысқа қарсымын деп айтпайсың» деп айқайлады.
Әзәлкеш өзінің отбасылы екенін және солар үшін алаңдайтынын, сондықтан мұндай пікір білдіруге бойында қорқынышы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол көрермен мұны дұрыс түсінуі керек деп санайды.