«Етегімді түріп, жамбасымнан ұстады»: Алматыда 120-шы бағыттағы маршрутта болған оқиға көпшілікті шошытты
Бұл туралы kznews.kz сайты Caravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін таңертең 120-шы бағыттағы маршрутта қыз балаға ерсі әрекет танытқан еркекті қалай табуға болады? Бейнебақылау немесе куәгерлер бар ма? Әелдерге жасалатын осындай ерсі әрекетке жол беруді доғару керек», деп жазды Дина Таңсәрі фейсбукте. Әлгі қыздың жазғандарын скриндер желіге жүктепті. Ал бойжеткеннің басынан өткен оқиға былай өрбіген.
— Сәлеметсіз бе! Мен бұл жағдайда кімге жүгінерімді білмеймін. Мұндай жағдайда қалай және не істеу керектігі туралы кеңес сұраймын. Мен үшін қиын жағдай. Бұл жайлы айтпай қалуым дұрыс емес, мүмкін де емес. Мұндай оқиғада не істейтінін және полицияға барудың мағынасы бар ма, білмеймін, бұл қоғам үшін ұсақ-түйек сияқты көрінеді, бірақ оны бастан кешіру жиіркенішті. Бүгін таңертең, бір сағат бір бұрын автобусқа отырдым. Артымда тұрған бір жігіт етегімді жоғары көтеріп, жалаңаш жамбасымнан ұстап, сиспады. (Мен колготкисіз, іш киімде юбкада бодым). Сол кездің қаншалықты жиіркенішті екенін айтып жеткізе алмаймын, өзімді зорлағандай сезіндім, аяғым қорқыныш пен зұлымдықтан дірілдеп кетті. Абдырап қалғаным сонша, қолымнан келгені, бар күшіммен оны итеріп жіберіп, айқайладым. Ол ұялған да жоқ. Оған бірдеңе істеуге, суретке түсіретіндей күйде емес едім. Жиіркенішті сезімде болдым. Айналамдағылар бәрі естіп, көріп тұр. Ешкімнің де шаруасы жоқ. Ер адамдар да, әйелдер де былқ етпеді.
Айтпақшы, менің киімім қысқа болған жоқ. Біздің қоғамда киіміне қарап, өзі соған ыңғай берді деген түсінік қалыптасқан. Бәрі тек кінәлауды біледі. Қандай киім кисем де маған зат сияқты қарап, бұлай қорлауға қандай құқығы бар? Соны білгім келеді. Бұл тек менің ғана басымнан өткен бірінші жағдай емес. Көп қыздардың басынан өтіп жатқан нәрсе. Өзіңді қауіпті жағдайда және қорқынышта сезіну сондай қиын. Бүгін етегімді түріп, жамбасымды сипаса, ертең одан зорғысына барады.
Оқиға Алматы қаласында 120 бағыттағы автобуста болды. Әуезов пен Абай көшелерінің қиылысында, таңертеңгі 08:33 — 08:40 аралығында міндім, делінген жазбада.
Көпшілікті бұл оқиға шошытып тастады.