Мемлекет басшысы: Отандық өнімдерді пайдалануды білмейміз

0

2018 жылғы 11 желтоқсан 17:27 53

Мемлекет басшысы: Отандық өнімдерді пайдалануды білмейміз

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда тігуге болатын киім-кешек пен қайдағы жоқ шұрым-бұрымды импорттап отырмыз. Бүгін Астанада өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда тігуге болатын киім-кешек пен қайдағы жоқ шұрым-бұрымды импорттап отырмыз. «Атамекен» бұған баса назар аударуы тиіс. Біз бұлттардың үстінде қалықтап, зауыт салу қажет, көлік жасау қажет дейміз. Ал адамдар қарапайым дүниелерді білмейді. Барлығымыз да шетелдік қымбат киімдерді киеміз. Соны өзіміздің ішімізде неге өндірмеске? Бүгінде біздің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымыз өте жақсы тауар шығаратындығын білемін. Біз жарнамалауды білмейміз, отандық өнімдерді пайдалануды білмейміз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы үлесі 1,6 есеге ұлғайғанын атап өтті. Елімізде алтын өндіру көлемі алдағы уақытта жылына 80 тоннадан астамды құрайтындығын айтты.

«Біздің машина жасау саламыз да қарқынды дамып келе жатыр. Машина жасау саласы болса, онда жаңа тауар, жаңа өнім болады. Демек, біздің кәсіпорындарымыз жаңғырады. Бұл саладағы еңбек өнімділігі 2,6 есе ұлғайды. Бүгінде еліміздің ішінде сатылған жеңіл және жүк көліктің әр екіншісі отандық кәсіпорындарда шығарылған», — деді Елбасы.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz