Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туған күні
Бүгін — композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Тілендиев Нұрғиса Атабайұлының туған күні.
Дәулескер домбырашы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді, ал 1982 жылдан оркестр болып құрылды.
Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаң қобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағы шығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Кейіннен оркестрдің аспаптар құрамы кең шанақты және шіңкілдек домбыралар, нар қобыз, жез қобыз, мес қобыз, сазген, аса шертер, адырна, даңғыра, т.б. музыкалық аспаптармен толықтырылды.
Репертуарында халық күйлері «Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен», халық композиторларының Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр» , осы заманғы қазақ композиторларының М.Төлебаевтың «Еске алу»; Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі» шығармалары