Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының экс-жұбайына қатысты істің мән-жайын хабарлады
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының экс-жұбайына қатысты істің мән-жайын хабарлады.
Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Сатыбалды Гүлмираға қатысты сотқа дейінгі тергеу тергеу жүргізілуде.
Олар 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін төленген аса ірі көлемдегі (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.