«Pfizer»-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар ма?

0

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында «Pfizer»-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар-жоғын айтты, деп хабарлайды  kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

«Pfizer» екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан болатын. Бұған Қайрат Боранбаевтың ұсталуы себеп болған жоқ па?», – деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.

«Неге біреудің дүниесіне жабысамыз», — деп вице-премьер Pfizer вакцинасын салғызғысы келетіндерге ренжіді.

«Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (…) «Спутник» вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан «Pfizer»-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде «Pfizer»-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцинаны алуға толықтай мүмкіндік беріп отырмыз», –  деді Ералы Тоғжанов.