Қонақ үйде «қызмет көрсеткен» Бүркіттің қарындасы желіні шулатты

0

Желідегі парақшасына шулы видео жүктеген блогер әрі актриса Әсел Асқар елдің қызу талқысына түсті. Аталмыш бейнежазбада онің қонақ үйде белгісіз ер адаммен аймаласып жатқаны көрініс тапқан. Оқырмандар жезөкше кейпіне енген Бүркіттің қарындасын сынның астына алды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен видеода танымал бойжеткен жезөкшелік арқылы оңай ақша табатын қыздың рөлін сомдаған.

Желі оқырмандары Әсел Асқардың бұл қылығын түсіне алмай, өз наразылықтарын ашық түрде білдірді.

Көпшілік желіде поэзиялық туындыларды орындаумен танылған арудың адам танымастай өзгеріп кеткенін айтып жатты.

Алайда, бұл бейнежазба жарнамалық мәнде түсірілген болып шықты.

Бүркіттің қарындасы өз атынан ойнатылатын байқаудың бейнеролигі үшін жеңіл жүрісті қыздың кейпіне енген.

«Бәріне топырақ шашпа! Өзінің ерен еңбегімен де табысқа кенеліп жатқандар жетерлік», «Саған қарап жүрегім айнып кетті», «Тым ерсі, сенен мұндайды күтпедім. Өлең оқитын Әсел қайда кеткен? Күннен күнге ерсі қылық танытып жатырсың», «Масқара, жаға ұстады деген осы болар», «Сенер емеспін, ұят қой мынау», «Тым арзан жарнама. Сізден мұндайды күтпедім шыны керек. Үлгі тұтар адамым едіңіз, енді мендік ой мүлде басқаша», «Барлық қазақ қыздары жайлы айтып тұрсаң қателесесің», «Енді қалғаны осы еді», — деп жарыса жазды желі қолданушылары.