Халық Болат Назарбаевтан Алтын-Орда базарын бұрынғы иесіне қайтаруды сұрайды
Халық Алтын-Орда базарының алдына жиналып тұр. Олардың мақсаты — Алтын-Орда базарын бұрынғы иесіне қайтару, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Мен, Желтоқсан оқиғасына қатысқанмын. Әйелім де желтоқсаншы. Алаңда болған адамдармыз. Желіде әділдік іздеп жүрген апайымыздың шырылдаған дауысын естіп, Алтын-Орда базарына келіп тұрмын. Келген себебім – әділдікті қолдап, мафиялық іс-әрекеттің бәрін құртып, апайымыздың шындығы орындалып, базарды тартып алғандардан қайтару. Біз қолдаушымыз!» — дейді сұқбат берушілердің бірі.