Жапаров Атамбаевқа: «Сотқа бар да, ақ екеніңді дәлелде»

0

Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевқа: «Сотқа бар да, ақ екеніңді дәлелде», — депті.

«Атамбаев туралы қызу шуды бүгін көрдім. «Билік бұйрық беріп, өш алып жатыр», — деген сөздер айтылып жатыр екен.

Маған қиянат қылғандардың барлығын кешіргенмін. Оның арасында Атамбаев та бар. Сөзімнен тайқымаймын. Өш алу табиғатыма жат. Айтарым басқа:

Заң алдында барлығымыз бірдейміз. Сот жауапкершілігіне тартылып жатырсың ба? Сотқа бар. Ақ екеніңді дәлелде.

Мен де қамалғам. Мен де Сотқа барғам. Ешқашан қарсылық көрсетіп, Соттан қашқан емеспін. Заңға, тәртіпке бас игем. Барлығымыз да сол Заңға бас иейік. Сонда ғана мемлекетімізде тәртіп болады.

Осыны пайдаланып, істі қарап жатқан Сот пен Прокуратураға айта кеткім келеді. Бұйрық беруге құқым жоқ. Сол үшін сұраймын. Егер мүмкіндік болса, Сот процессін жабық емес, ашық түрде өткізсеңіздер дұрыс болады. Журналистер, блогерлер Сотқа қатысып, тікелей эфирлер түсіріп, таратсын. Ел де Соттың қалай өтіп жатқанынан хабардар болсын. Қой-Тас оқиғасы ешкімге жасырын емес қой», — депті Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.