Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Бас прокуратура өкілдері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың өлімі дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», — делінген Бас прокуратураның Telegram-каналында.