Назарбаев Университеті мемлекеттен көлемді қаржы сұрады
Назарбаев Университеті бес жылға мемлекеттік бюджеттен нысаналы қаржыландыру үшін 4,8 млрд теңге қаржы сұрап отыр, деп хабарлайды Kznews.kz сайты «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
ҚазТаг агенттігінің хабарлауынша, «Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың жалпы сомасы мынадай: 2020 жылы – 1 572 512; 2021 жыл (ағымдағы жылдың жоспары бойынша – ред.) – 896 167; 2022 жыл ( бұдан әрі — жоспарлы кезең – ред.) – 787 308; 2023 жыл – 775 171; 2024 жыл – 754 756», — делінген 18 наурыздағы бюджеттік бағдарлама жобасында.
Осылайша, Назарбаев Университеті 5 жылға арналған нысаналы қаржыландыру үшін бюджеттен 4 785 914 000 теңгеден астам қаржы бөлуді сұрайды.
Құжатта қаржы «технология трансфертінің шығындарын жабуға» бағытталады делінген.
«Мақсаты: білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға, заманауи білім беру, ғылыми инфрақұрылымды құруға «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ға мақсатты үлес қосу. Міндеттер: енгізілген жаңа технологиялардың жалпы санынан шетелде емделуге мұқтаж науқастарды емдеуге бағытталған жаңа технологиялардың үлесі 2021 жылы – 14%, 2022 жылы – 15%, 2023 жылы – 16%», — делінген жобаның сипаттамасында.
(фото Janalyk.kz сайтынан алынды)