Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңесу, тәулік
Мақсаты
Білімділік: Балаларды таңертең — тәулік бөлігімен таныстыру., осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану., таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
Тәрбиелілік: Балаларды шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Алдын — ала жүргізілетін жұмыстар: Ойындар ойнату.
Әдіс — тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ — жауап, жаттату.
Көрнекілігі: Әр балаға жұмыс дәптері, суреттер пайдалану.
Сөздік жұмыс: бір, көп.
Қостілдік компоненті: бір — один, көп — много
Мотивациялық — қозғаушы
(Ынталандыру, сезімді ояту)
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келген қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Мен балабақшаға келе жатып, жолдан мына аюды кездестірдім(ойыншық аюды көрсетеді) Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін — жетпейтінін біліп беруді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе?
Іздену ұйымдастырушы
— Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
— Жылдың қай мезгілі?
— Көктемнің қай айы? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіндер ме? Енді балалар сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
«Жете ме?»ойыны.
Суретке назар аударайық.
Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме? қалай.
Қонжықтарды немен қуантуға болады?
Таптым, оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық, қонжықтардың бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік.
Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
Қайсысы көбірек — қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме?
Олар бірдей болу үшін не істеу керек? Енді қанша бөшке болды?
Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме?
Сөздік жұмыс: бір, көп
Бір — один, көп — много
Сергіту сәтін жасау.
Ыршып — ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары, бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз, отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
«Қояндар қонақта» ойыны.
Қояндар не жегенді жақсы көреді?
Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіз бе? Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік.
«Моншақты жина»ойыны.
Моншақтар сияқты жіпке геометриялық фигуралардан тізу керектігін айтады. Моншақтарды қандай геометриялық фигуралардан жинадыңдар?
Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңесу жүктеу
Дереккөз: http://bilimdiler.kz/