Зеленский: Ресеймен арадағы келіссөздер ауыр жүріп жатыр

0

Украина президенті Зеленский Ресеймен арадағы келіссөз ауыр жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz  жаңалықтар порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресеймен арада соғысты тоқтату туралы бейбіт келіссөздер ауыр жүріп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский халыққа жасаған кезекті үндеуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, мәмілегерлер бір-бірімен үнемі байланыста. Алға жылжу болғанымен қарама-қайшылық көп, келісімнің ауылы әлі алыс, дейді Зеленский.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

— Ресеймен соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келу үшін біз түрлі деңгейде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Украина өкілдері күн сайын өтіп жатқан келіссөздерге қатысып жатыр. Бірақ екі жақты диалог кей кездері тығырыққа тіреліп, ауыр жүріп жатыр. Дегенмен, біз ақырындап алға қадам жасап келеміз.

Украина басшысы Мариупольдегі жағдайды да сөз етіп, қазір қоршауда қалған шаһарда 100 мың бейбіт тұрғын адам айтқысыз жағдайда өмір сүріп жатқанын жеткізді. «Ресей күштері атқылауды жалғастырып, бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп отыр. Ал адамдар азық-түлік, ауыз су және дәрі-дәрмексіз өмір сүруге мәжбүр», — дейді Украина басшысы.

(фото gazeta.ru сайтынан алынды)