Елімізде тыйым салынған ақтаулық режиссёрдің фильмі Жапонияда көрсетіледі

0

Ақтаулық режиссер түсірген елімізде тыйым салынған фильм Жапонияда көрсетіледі. Ақтаулық режиссер күзде Жапонияда өтетін ірі кинофестивальге шақырту алды, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық режиссер Қанат Майлыбаев «Құдық» фильмімен биыл күзде Жапонияда өтетін ірі кинофестивальге шақырту алды. Айтпақшы, Ақтау билігі фильмді жергілікті кинотеатрларда көрсетуге рұқсат бермеген.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, актаулық режиссер Қанат Майлыбаев түсірген фильмнің көрсетіліміне бірнеше күн қалғанда тиым салынған. Ақпанның 19-шы күні Ақтаудағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында аталған махаббат драмасының премьерасы өтуге тиіс еді .

Алайда премьераға екі күн қалғанда режиссерге оны көрсетуге тыйым салынғаны хабарланған. Маңғыстау облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы көркем фильмнің ресми көрсетілімі үшін Мәдениет және спорт министрлігінің прокат сертификаты қажет екенін мәлімдеген. Кейінірек анықталғандай фильмге тыйым  11 ақпанда, фильмді ешкім көрмей тұрып салынған болып шықты. Режиссерге драмада қатыгездік, зорлық-зомбылық, оралмандарды қорлау көріністері бар болғандықтан бүкіл облыста көрсетуге тыйым салынғаны айтылған.

— Өте өкінішті. Қаншама  жұмыс  атқарылды. Қаншама еңбек босқа жұмсалды. Бір айдан астам уақыттан бері әлеуметтік желідегі парақшама  қоқан-лоққылар түсіп жатыр. Мен таң қалдым. Бір ғана жол қалды – фильмді республикалық арнадан тегін көрсету, осы тұрғыда  келіссөздер жүріп жатыр, – деді «Құдық» фильмінің режиссері.

Бірақ, табандылығына қарамастан, режиссерден Мәдениет және спорт министрлігі де бас тартты, ол фильмін прокатқа алуды өтінген болатын. Айтпақшы, сурет Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының маңында түсірілген, ол махаббатқа арналған, ішінара шынайы оқиғаларға негізделген және қазақ тілінде түсірілген. Енді не де болса аталған фильм  Жапониядағы  өнер білгірлерінің бағасын алатын болады.

(Фото orda.kz сайтынан алынды)