АҚШ-тағы Мәсімовтың әйелінің кәсіпкер туысқандары туралы не білеміз?
Ресейлік БАҚ жазғандай, бүгінде мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға тырысып, лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланды деген күдікпен түрмеде отырған ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің туысқандары Америка құрама штаттарында бизнесін табысты жүргізіп жатыр деп хабарлайды Kznews.kz сайьы Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.ұ
Мәселен Мәсімовтің зайыбы Дилярам Мәсімованың бауыры Ділшат Машуров Аризона штатында орналасқан, денсаулық сақтау мен туризм салаларында қызмет көрсететін компанияның құрылтайшысы болып табылатыны анықталуда. Сонымен қатар, компанияға ҰҚК экс-басшысының енесі Дурням Машурова мен балдызының әйелі Наргиза басшылық етуде.
«Наргиза Ашурова және де Техастағы Eusorone Tehnologies мұнай-химия логистикалық компаниясының негізін қалаушы. Оның серіктестері – екі американдық кәсіпкер. Сондай-ақ, оған, ірі ас дайындау және жеткізуге мамандандырылған калифорниялық TEMUJIN FOODS компаниясы рәсімделген», – деп келтіреді мәскеулік сайт.
Наргизаның ағасы Назым Палташев Делавер штатында тіркелген Altai Capital инвестициялық консалтингтік компаниясына иелік ететіні айқындалуда. Ал олардың әкесі Тимур Палташев, өз кезегінде, басылымның мәлімдеуінше, Сан-Францискодағы Қазақстанның бас консулдығы жанындағы консультативтік кеңестің мүшесі бола отырып, американдық AMD корпорациясында жұмыс істейді. Оның атына GATCHINA NANOELECTRONICS компаниясы, сондай-ақ Калифорнияда үй тіркелген.
Бұған дейін, еске сала кетсек, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің бірқатар мүлкін жұртшылыққа жария етті.
(Фото sputnik.kz сайтынан алынды)