«Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет»
Бұл бағдарлама бойынша Президент алдағы уақытта «Күшті Президент — Ықпалды Парламент — Есеп беретін үкімет» қағидатын басшылыққа алмақ, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.
Осы арқылы Ел басшысы өз өкілеттігін қысқарта отырып, Парламент рөлін арттыруды көздейді. Бұл мемлекеттің Институционалдық тұғырын нығайтады
«Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, Парламентте аз өкілдік ететін әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондықтан Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Ал Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады, саяси жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс деп табылды. Бұл квота Сенатқа беріліп, 9-дан 5-ке дейін қысқартылды. Сәйкесінше, Мәжілістегі жалпы депутаттық орын азаяды. Саны емес, сапасы маңыздырақ.
(Фото http://Aqiqat.kazgazeta.kz сайтынан алынды)