Атырауда атыс болды

0

Атырауда қаланың қақ ортасында екі адамды атып кетті. Атыс салдарынан жарақат алған тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Kznews.kz жаңалықтар порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

«Атыс қала ортасындағы Авангард ықшамауданында болды. 27-22 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тауып, 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Оның басына оқ тиген», — делінген ПД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіттерді атқан күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ол Калашников қаруын қолданды деген мәлімет бар.

Оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

( фото atyrauoil.official парақшасынан алынды)