Динара Қырықбаева ұлының бір жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео) — новости Казахстана

0

Әнші Динара Қырықбаева кішкентай ұлының бір жасқа толғанына дүркіретіп той жасады деп жазады NUR.KZ.

Әнші ұлы Бисұлтанның тойында түскен суреттерін өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Динара туған күн иесіне қазақы нақыштағы шапан кигізсе, кішкентай қызы Айша екеуіне бірдей көйлек тіктірген.

Сондай-ақ әншінің отбасы ұлының туған күніне арнайы әртістерді шақырып, балаларға көңілді кеш ұйымдастырған.

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылдың мамырында талдықорғандық Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын.

2016 жылы әнші тұңғыш қызы Айшаны босанды. Ал 2017 жылы әнші екінші рет ана атанып, өмірге Бисұлтан есімді ұл баланы алып келген.