Мамыр айында Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс аяқталуы мүмкін
Киев қаласында Украинадағы қақтығыс аяқталуы мүмкін, — деп хабарлайды KZNEWS.KZ сайты тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Киев қаласындағы Украинада болып жатқан қақтығыс аяқталуы мүмкін деген болжам жасалды. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестовичтің сөзіне сүйенсек, екі ел арасындағы ірі қақтығыс 1-2 апта ішінде аяқталуы әбден мүмкін. Ол үшін алдымен Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге қол жеткізу керек. Журналист Марк Фейгиннің YouTube-арнасындағы эфирде Алексей Арестовичпен сұхбат жүргізді.
«Мамыр айы — ресейлік және украин тараптары арасында келісім жасаудың соңғы мерзімі» — деді Президент кеңесшісі.
Бұл эфирді Украинаның бірқатар БАҚ өкілдері жарыса жариялап жатыр.
«Менің ойымша, мамырдың басында бітімгершілік келісімге қолжеткізуге тырысамыз. Тіпті одан да ертерек болуы мүмкін . Осы аралықта әскерді шығару жұмыстары да жүргізіледі», — деді Арестович.