Самат Әбіш не себепті қамауға алынбады?
ҚР Бас прокуроры қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық басшылық құрамы тұтқындалғанына қарамастан Тұңғыш президенттің немере інісі Самат Әбіштің неге ұсталмағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Қазіргі кезде Самат Әбішке қатысты ешқандай дәлел жоқ. Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің сан алуан бабы бойынша айып тағылып отыр», — деді Берік Асылов.