Анталиядағы келіссөз қорытындысы: Соғыс тоқтамайды

0

Түркия тарапының арағайын болуымен Анталия қаласында өткен Украина – Ресей СІМ басшыларының келіссөзі 90 минутқа созылып, нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Украина Мариупольден және Мариупольге гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке соғыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды. Ресей бұған келіспеді, Украина келіссөздерді жалғастыруға дайын. Бүгін Ресей тарапынан Украина Путиннің талаптарын орындаса, оқ ату тоқтайтыны туралы сыбыс шықты. Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешім іздейміз, қалған жағдайда өз азаматтарымызды агрессиядан қорғаймыз», – деді Украина СІМ басшысы Кулеба.

Ресей СІМ басшысы Лавров Беларусь жеріндегі соңғы келіссөздер кезінде Украина өкілдеріне құжаттар тапсырғанын айтып, бүгінгі келіссөздерден ешқандай нәтиже күтпегенін жеткізді.

«Кулеба мырза әскери әрекеттерді тоқтатуға қол жеткізе алмағанымыз туралы айтты. Әрине, біз мұнда әскери әрекеттерді тоқтатуды көздеп келген жоқпыз», – деді ол.