Бомж кетіп бара жатқан адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді
Лон-Анджелестің орталығындағы бейнебақылау камерасына бомждың кетіп бара жатқан адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберген сәті түсіп қалған. Салдарынан 60 жастағы жәбірленуші жарақат алып, ауыр халде ауруханада жатыр деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға жергілікті тұрғындардың көз алдында өткен.
Кадрдан бомждың орындықта отырғандығын, аяқ астынан атып тұрып, бар күшімен өтіп бара жатқан адамды жүк көлігіне қарай итергенін, жәбірленушінің қалтасынан түскен ұялы телефонын қалтасына салып алып, белгісіз бағытқа жүріп кеткенін байқауға болады.
Қасақана өлтіруге тырысқан күдіктіні құқық қорғау қызметкерлері іздестіруде.
Ескерту! Жүйкесі жұқа адамдарға көруге кеңес бермейміз!