Украина тыныштық режимінен бас тартты

0

Украина Мариуполь мен Вольновахадағы тыныштық режиміне кепілдік беруден бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz сайты.

Мариупольден эвакуация автобустармен және жеке көліктермен жүзеге асырылады.

Украин тарапы Мариуполь мен Вольновахадағы тыныштық режиміне кепілдік беруден бас тартты, деп хабарлады Донецк Халық Республикасы халықтық милициясының өкілі Эдуард Басурин.

Украинаның Мариуполь билігі Ресеймен келіскен мерзімнен бір күн өткен соң қаланы эвакуациялау туралы хабарлады. Мариупольден эвакуациялау үш жерден автобустармен жүзеге асырылады, сонымен қатар қаладан жеке көлікпен шығуға болады.

 

«Жоқ, украин тарапы (Мариуполь мен Вольновахада) тыныштық  режиміне кепілдік беруден бас тартты» деді Басурин «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинада әскери операция бастады. Президент Владимир Путин оның мақсатын «сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау» деп атады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, соққылар тек әскери инфрақұрылым мен украин әскерлеріне жүргізілуде, бейбіт тұрғындарға ештеңе қауіп төндірмейді. Украинаны басып алу  туралы мәселе жоқ, деп баса айтқан болатын Ресей президенті.