Путин Ердоғанға Украинадағы қақтығыс қандай жағдайда тоқтайтынын айтты

0

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен кезде Украинадағы Ресей бастаған арнайы әскери операция Киев «соғыс қимылдарын тоқтатып, Ресейдің талаптарын орындаса» ғана аяқталатынын баса айтты.

«Украина қауіпсіздік күштері өз құралдарын қайта топтастыру үшін келіссөздер процесін созуға жасап жатқан кез-келген әрекетінің нәтижесіздігіне баса назар аударылды. Осыған байланысты арнайы операцияны тоқтату тек Киев соғыс қимылдарын тоқтатып, Ресейдің белгілі талаптарын орындаған жағдайда ғана мүмкін болатындығы атап өтілді», — деді Кремльдің баспасөз қызметі.

Путин Ресейдің қақтығысты шешу үшін Украинамен диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.

«Ресей тарапының қақтығысты реттеу мақсатында Украина билігімен және шетелдік серіктестермен диалогқа дайындығы расталды», — делінген Кремль хабарламасында.

Путин Ресей Федерациясының Украинадағы арнайы әскери операциясы «жоспар бойынша және кестеге сәйкес» жүріп жатқанын, сонымен қатар Ресей қарулы күштері Украинадағы операция кезінде «бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын» мәлім етті.

«Ресей қарулы күштері бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, нақты соққылар тек әскери инфрақұрылым нысандарына жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Путин Киевтің «Беларусьтегі келіссөздердің үшінші раундына қатысты сындарлы көзқарас танытатынына» үміт білдірді.

«Келіссөздердің жоспарланған кезекті раунды барысында Украина өкілдері қалыптасқан шындықты толық ескере отырып, сындарлы көзқарас танытады деген үміт бар», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Путин мен Ердоған елдердің дипломатиялық және әскери ведомстволары арқылы байланыстарды жалғастыруға келісті.

«Ресей мен Түркия Президенттері екі елдің дипломатиялық және әскери ведомстволары желісі бойынша байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Реджеп Тайып Ердоғанның бірқатар Батыс мемлекеттерінде орыс мәдениеті мен оның қайраткерлерін кемсіту жөніндегі ашық науқанға сыни баға бергені тән», — делінген хабарламада.

Кремль Путиннің «Ресей тарапының түрік азаматтарын соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан қауіпсіз эвакуациялау үшін барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін растады», —  деп қосты.