Екі-ақ күнде Украинаның тас талқанын шығарамын — Қадыров
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Путинге «шешен сарбаздарының ісіне көзіңізді жұмып отырсаңыз екі-ақ күнде Украинаның тас-талқанын шығарамын» деді.
Қадыров сонымен қатар Зеленскийге қарата:
«Сен президентке (Путинге) шығып, онымен келіссөз жүргізуге тырыспай-ақ қой. Одан да келіссөз жүргізуге мені шақыр. Сен екеуміз бар мәселені жарты сағатта шешеміз. Бұл соғыстың, бандершілердің, шайтандардың соңғы нүктесін қоятын болады», — деді.