Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде аутизмге шалдыққан балаларды оқытатын оқу құралы шықты
Ел ордада «Ерекше балалар. Мінез-құлықты қолданбалы талдауға (АВА) кіріспе» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл мінез-құлықты қолданбалы талдайтын (АВА) қазақ тіліндегі ең алғашқы оқу құралы. АВА терапиясы – әлемдегі тиімділігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген даму ерекшеліктері бар балаларды оқытату оқыту әдістерінің бірі. Кітапты “Болашақ” корпоративтік қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте аударып шығарды.
Бұл кітап – «Особые дети. Введение в прикладной анализ поведения (АВА)» атты кітаптың қазақ тіліне аудармасы, ол жерде мінез-құлықтың қолданбалы талдауының негізгі қағидалары, проблемалық мінез-құлықты түзету әдістері және даму ерекшеліктері бар балаларға мінез-құлықты үйрету стратегиялары сипатталған. Кітап даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелейтін және оқытатын педагогтарға, дефектологтарға, логопедтерге және ата-аналарға арналған.
Кітапты аудару және шығару “Болашақ” қорының “Әр бала мектепке баруға тұрарлық” жобасы аясында іске асырылады. Жоба 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді және аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға мектепте және балабақшада білім берудің инклюзивті моделін дамытуға және енгізуге бағытталған.
“Осындай кітаптарды аудара отырып біз қазақ тілді мамандарға дүниежүзілік ғылыми қауымдастық таныған озық әдістерді, яғни түзету педагогиканы ұсынамыз. Бұл дегеніміз біз Қазақстандағы ерекше балалармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін көбірек жағдай туғызамыз. Кітаппен жұмыс барысында кейбір мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша арнайы терминдер ағылшын және орыс тілдерінен алғаш рет қазақ тіліне аударылды. Әрине кітапты аударуға біздің қымбатты демеушіміз “Шеврон” компаниясының көмегі зор болды. Осындай маңызды істі қолдағаны үшін оларға шын жүректен алғыс айтамыз. Бүгін біз қазақ тіліндегі инклюзия саласындағы сапалы әдебиеттің шығарылуының негізін қалаймыз. Қор осы бағытта жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда біз “ABLLS-R” даму ерекшеліктері бар балалардың дағдыларын бағалау құралын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуды қолға алдық” – деді «Болашақ” қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
Шараға “Шеврон” компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Қошпанова Жанар, Ұлттық арнайы және инклюзивтік білім беруді дамыту ғылыми-практикалық орталықтың директоры Кудеринова Әйгерім, сонымен қатар мамандар және аймақтардан келген аутизмі бар балалардың ата-аналары қатысты. Кітап авторлары Юлия Эрц және Юлия Мелешкевич қатысушыларға бейне-байланыс арқылы шығып, кітаптың пайдасы және оның қазақ тіліне аудару маңыздылығы туралы сөз қозғады. Кітапты таныстыру аясында “Болашақ” қорының мамандары Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген мамандарға және ерекше балалардың ата-аналарына мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша бірнеше семинар өткізді.
“Қазақстанда, әділ, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ететін жалпы әлемдік қағидаларды және инклюзивтік құндылықтарды қолдауға ұмтылатын елде ерекше қажеттіліктері және денсаулығы шектеулі балалардың саны артып келеді. Сондықтан “Шеврон” компаниясы инклюзияны дамыту қызметімен танымал “Болашақ” қорымен серіктестікте мінез-құлықты қолданбалы талдау бойынша құралды қазақ тіліне аударуға қолдау көрсетуді шешті. Бұл әдістемелік құрал инклюзивтік білім беру қағидаларын дамытуға және даму ерекшеліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер беретін қоғам құруға елеулі үлес қосады, деп сенеміз”, – дейді “Шеврон” компаниясының Қазақстандағы жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Қошпанова Жанар.