Арман Жұмагелдиевтің анасы: Объективті тергеуден үміттенбеймін
БАҚ өкілдері «қылмыс әлемінің серкесі» деп сипаттап жүрген Арман Жұмагелдиевтің анасы Роза Жұмагелдиева Orda.kz редакциясына сұхбат берді. Сұхбат барысында ресейлік БАҚ ұсынған деректерге жауап айтылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
Ресейлік БАҚ Арман Жұмағелдиевті ҰҚК 2000-шы жылдардың ортасында арнайы тапсырмаларды орындау үшін жалдады деп жазған. Мысалы, оппозициялық митингтердің тарату, тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, билікті күшпен құлатуға итермелеу. Қауіпсіздік қызметкерлері оны қорқытып, бопсалаған сияқты, сондықтан ол олармен ынтымақтастыққа кеткен деген жазбалар болды. «Дикий Арманның» анасы жоғарыда аталғанның барлығы сандырақ екенін айтты.
«Бұл сандырақ әңгіме, мен оған пікір білдіргім де келмейді. Қастандық теорияларын сүйетіндер мен ғылыми фантаст жазушылар осындай қастандық теориясына қызығушылық таныта берсін. Ол жылдары Арман қандай да бір арнайы тапсырмалармен айналысу үшін тым жас және тәжірибесіз болатын. Сырттан қысым туралы айтатын болсам, менің ұлым ешқашан ештеңеден қорықпады, тек Құдайдың қаһарынан басқа. Егер Арман нұрбот болса, ол түрмеде өз мерзімін өтер ма еді? Оны ерте босатар ма еді. Мен ол кезде ұлымның қоғамдық қорғаушысы болып, Назарбаев пен депутаттарды қоса алғанда, барлық есікті қақтым, бірақ ешкім көмектеспеді. Менің ұлымның барлық жастық шағы темір тордың артында өтті. Ол діни сенімдерінің арқасында түрме тозағынан өтіп, ауыр сынақтарға төтеп берді» деді Роза Хамзеевна.
Қаңтар қырғынан кейін қамауға алынған Арманның ісінде әділдік болмайды дейді анасы.
«Мен тергеудің объективтілігіне, толықтығына және бейтараптығына үміттенбеймін, өйткені прокуратура өкілдері барлық жерде менің ұлымды соттың үкімін күтпестен қылмыскер деп атайды. Олар кінәсіздік презумпциясын бұзаып, сотқа қысым жасап жатыр. Мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұрауым керек еді, бірақ күшім де, денсаулығым да жоқ. Сондықтан мен бар күшімді салып, ұлым үшін дұға етемін» деді ол.