Парижде XIV халықаралық мұсылман форумы өтті
Астана. 11 желтоқсан. KAZISLAM – Францияда Ресей мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам жəне жаһандану мəселелері» деген тақырып аясында кезекті XIV халықаралық мұсылман форумы өтті. Іргелі жиында Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз баяндама жасады,-деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.
Халықаралық басқосуға Еуропа, Азия елдерінің мүфтилері, ғалымдар, Ислам бағытындағы ұйымдардың жетекшілері қатысты. Форумда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
«Қазіргі жаһандану үдерісі салдарынан қоғамда көптеген сын-қатер мен мұсылмандығымыз бен мəдениетімізге, дəстүрімізге жат құбылыстар көрініс беруде. Біз, дін қайраткерлері өзімізге жат мұндай жағымсыз әрекеттерге қарсы күш біріктіруіміз тиіс. Алла Тағала Құранда бұйырғандай, бір-бірімізге жақсы істерде көмекші болуымыз лəзім. Бүгінде күш пен қуат — білім мен иманда. Иман мен білім салтанат құрған қоғам жаһанданудың жаман əрекеттерінен аман қала алады»,-деді.
Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы форум аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдинмен пікір алмасты.
Дереккөз: http://kazislam.kz/