Германия депутаты Назарбаевтың элиталық сарайларын тәркілеуге шақырды

0
Баден-Вюртемберг федералды штатының Ландтаг (жергілікті парламент) өкілі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі Баден-Бадендегі сәнді жылжымайтын мүлікті тәркілеуге шақырады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.
DW хабарлағандай, бұл бастаманы Германия социал-демократиялық партиясының (СПД) өкілі Йонас Вебер көтерді.

– Мен сізді және сіздің штат үкіметін Баден-Вюртемберг автократтар мен олардың мүлкінің орталығына айналмауы үшін барлық мүмкін шараларды, соның ішінде тәркілеуді қабылдауға шақырамын. Менің ойымша, бұл, ең алдымен, өз Отанындағы демократиялық күштердің алдындағы парызымыз, – деді Вебер.

DW агенттігінің тергеу нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур мен ортаншы қызы Динара Құлыбаева, сондай-ақ оларға қатысы бар фирмалар Баден-Баден мен оның төңірегіндегі сәнді жылжымайтын мүліктерге жүз миллион еуро инвестиция салған. Инвестициялар 10 жыл ішінде, демек, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болған кезінде салынған.
Тарихи ескерткішті жойылудан сақтау үшін тәркілеу керек пе?
Неміс саясаткерінің пікірінше, Баден-Баден маңындағы тарихи Бюлерхё құлпы-қонақ үйіне қатысты Назарбаевтар отбасының жылжымайтын мүлкін тәркілеу мүмкіндігі мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Мемлекеттік маңызы бар ескерткіш болып табылатын бұл қонақүй бір кездері канцлер Конрад Аденауэрдің сүйікті демалыс орны болған.
Баден-Вюртемберг жер заңнамасында сәулет ескерткіштері иелерінің әрекетсіздігі салдарынан жойылу қаупі төнсе, оларды тәркілеу мүмкіндігі қарастырылған. Қонақ үй иелері Тимур Құлыбаев пен оның әйелі Назарбаевтың қызы Динара нысанды сатып алуға 20 миллион еуродан астам қаржы құйғанымен, оны жаңғыртуға қаржы жұмсамады. Аймақтың көрнекті туристік орны 10 жылдан астам уақыт бойы жабық тұр.